Қазақстан құрамасы жағажай футболынан Еуролигадағы алғашқы ойында Молдовадан жеңілді
Футбол
ҚФФ
Кишиневте 2026 жылғы Еуролиганың А дивизионы аясында жағажай футболынан Қазақстан құрамасының алғашқы матчы өтті, деп хабарлайды Bassport.kz ҚФФ-ға сілтеме жасап.
Отандық ұжымның алғашқы ойындағы қарсыласы турнир қожайындары – Молдова құрамасы болды. Кездесу 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.Қазақстан құрамасы сапынан жалғыз голды Баянбек Муралинов соқты.
Турнирдегі келесі матчын Қазақстан құрамасы 30 шілде күні Италияға қарсы өткізеді.
Қазақстан – Молдова – 1:2
Голдар: Муралинов 11 – Игнат 6, Флореа 7