Алуа Нұрман жасөспірімдер арасындағы FIDE рейтингінде үздік үштікті сақтап қалды

Алуа Нұрман жасөспірімдер арасындағы FIDE рейтингінде үздік үштікті сақтап қалды
Басқа

fide.com

Қазақстандық шахматшы Алуа Нұрман FIDE-нің (Халықаралық шахмат федерациясы) жаңартылған әлемдік рейтингінде үздік үштіктегі орнын сақтап қалды, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап. 

Халықаралық ұйым жариялаған 100 ең мықты жасөспірім қыздар (юниорлар) тізімінде 19 жастағы отандасымыз 2 442 рейтингтік ұпаймен 3-орынға тұрақтады. Ол екінші орындағы ресейлік Анна Шухманнан небәрі 1 ұпай, ал көшбасшы украиналық Анастасия Гнатышиннен 23 ұпай қалып келеді. Айта кетейік, биыл Алуа үшін өте сәтті жыл болды: маусым айында Гонконгтегі командалық әлем чемпионатында сенсация жасап, жекелей есепте рапидтен алтын, блицтен күміс алса, Токиодағы элиталық турнирде де екінші орынға ие болған еді.