«Қайрат» футбол клубы Софиядағы алғашқы жаттығуын өткізді
«Қайрат» футбол клубы
Алматылық «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясындағы маңызды матч алдында Болғария астанасындағы алғашқы дайындық жиынын өткізді, деп хабарлайды Bassport.kz.
София қаласына табан тіреген бойда алматылық ұжым жергілікті «Левски» клубының «Георгий Аспарухов» стадионында ресми жаттығу жұмыстарына кірісті. Бас бапкер бастаған жаттықтырушылар штабы алдағы сырт алаңдағы ойынның тактикалық схемаларын пысықтап, футболшылардың функционалдық жағдайын тексерді.
Екінші іріктеу кезеңінде кипрлік «Омонияны» пенальти сериясында (6:5) қапы қалдырып, еурокубоктың күзгі кезеңін уысына түсірген «Қайрат» бұл жолы да тек жеңісті көздеп отыр. Екі ұжым арасындағы алғашқы кездесу 4 тамызда Софияда өтсе, қарымта матч 11 тамызда Түркістандағы «Түркістан Аренада» ұйымдастырылады.