Семсерлесуден тұңғыш рет әлем чемпионы атанған спортшылар елге оралды
Туризм және спорт министрлігі
Гонконгте өткен әлем чемпионатында алтын алып, ел тарихында тұңғыш рет әлем чемпионы атанған семсерлесуден Қазақстан ұлттық құрамасы елге оралды, деп хабарлайды Bassport.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Ерлік Сертай, Руслан Курбанов және Вадим Шарлаимовтан құралған команданы әуежайдан Дене шынықтыру және спорт істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин қарсы алды. Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен шақырылған украиналық беделді бапкер Александр Горбачуктің еңбегі осы тарихи триумфқа үлкен септігін тигізді.
Жарыс жолында Финляндия, Өзбекстан, Дания және Мысыр құрамаларын шаң қаптырған отандастарымыз финалда Украинаны 45:40 есебімен тізе бүктірді. Бұл жеңістен кейін Қазақстан шпагашылары әлемдік рейтингіде Швейцария мен Франциядан кейінгі 3-орынға табан тіреді.