Виктор Ланджеллотти XDS Astana Team командасының қатарын толықтырды
Getty Images
2026 жылдың 1 тамызында Монаконың велошабандозы Виктор Ланджеллотти қазақстандық XDS Astana Team командасына қосылды, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап.
Спортшы қазақстандық команда сапында 2026 жылдың соңына дейін және толық 2027 жыл бойы өнер көрсетеді. Бұл – маусым ортасындағы ауысу.
XDS Astana Team мен спортшының бұрынғы клубы – Netcompany INEOS арасында тиісті келісімге қол қойылды. Ланджеллотти жаңа командасымен бірге 3 тамызда басталатын «Тур Польши» көпкүндігіне қатысады деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ команда менеджері Александр Винокуров оны «Вуэльта Испания» гранд-турына қатысатын құрамға қосуды қарастырып жатқанын айтты.
Бұл ауысудың Виктор үшін жеке маңызы бар. 2009 жылы Монакода «Тур де Франс» басталғанда, ол жас велоспортшы ретінде таныстыру рәсімінде өзінің сол кездегі сүйікті спортшысы Альберто Контадор бастаған «Астана» командасын шығарып салған. Енді ол 17 жылдан кейін осы команданың толыққанды мүшесі атанып отыр.