ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАР АРАСЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПАРТАКИАДА АЯҚТАЛДЫ

Түркістан Спорт Басқармасы
Шығыс Қазақстан облысында орналасқан Өскемен қаласында жергілікті атқарушы органдар арасындағы дәстүрлі республикалық спартакиада мәреге жетті.
Биылғы сайысқа еліміздің әр аймағынан 20 команда келіп, футбол, волейбол, баскетбол, тоғызқұмалақ, жүзу сынды бірнеше спорт түрінен сынға түсті.
Апта бойындағы тартысты бәсеке қорытындысында жеңімпаз командалар анықталды.
Жерлестеріміздің жетістіктерін жіктеп өтейік:
Жүзу – командалық 2-орын,
Футбол – командалық 2-орын,
Тоғызқұмалақ – командалық 3-орын,
Қазақ күресінен Мейірбек Лесхан 3-орын. Шахматтан төлебилік Замира Панзабекова 3-орын.
Жалпыкомандалық есепте Ақтөбе облысының құрамы бірінші, Атырау облысының командасы — екінші, ал Батыс Қазақстан облысының құрамы үшінші орынға көтерілді. Түркістан облысының командасы 20 аймақ арасынан бесінші орынға жайғасты.
Жеңімпаздарға арнайы алғыс хаттар мен медальдар табыс етілді.