Түркістандық параканоэшілер Таиландтағы Азия чемпионатынан 5 медаль еншіледі

Басқа
Түркістан Спорт Басқармасы
Түркістан облыстық су спорты түрлері бойынша олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері Азия чемпионатындағы өнерлерін сәтті аяқтады.
200 және 500 метрлік қашықтықтарда KL2 және VL3 санаттары бойынша Бибарыс Спатай екі алтын және бір қола медаль жеңіп алды.
Ал KL3 санатындағы әйелдер арасындағы 200 және 500 метрлік дистанцияда Жаныл Балтабаева екі күміс медалге қол жеткізді.
12–15 маусым аралығында Таиландтың Районг қаласында өткен жарысқа Азияның 10 елінен 123 параатлет қатысты.