Криштиану Роналду АҚШ президенті Дональд Трампқа естелік сый жасады (ФОТО)

Криштиану Роналду АҚШ президенті Дональд Трампқа естелік сый жасады (ФОТО)
Футбол

Sportnews.24tv.ua

Португалия құрамасы мен Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду АҚШ-тың президенті Дональд Трампқа ерекше сыйлық тарту етті. Бұл туралы Bassport.kz хабарлайды.

Роналду өзінің қолтаңбасы қойылған футболкасын Трампқа сыйлады. Киімде: «Президент Дональд Трампқа. Біз бейбітшілік үшін ойнаймыз» деген жазу бар.

- «Президент Трамп Роналдудан қолтаңбасы бар футболка алды», - деп жазды АҚШ президентінің коммуникациялар жөніндегі орынбасары Марго Мартин әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Криштиану Роналдудың «Аль-Насрмен» келісімшарты 2025 жылғы маусымның соңында аяқталады.