Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны неліктен құрамадағы мансабын аяқтағанын түсіндірді

Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны неліктен құрамадағы мансабын аяқтағанын түсіндірді
Футбол

kff.kz

Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыберген 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің үшінші турында Солтүстік Македонияға қарсы матчтан кейін (0:1) халықаралық мансабын аяқтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Bassport.kz ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыберген 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің үшінші турында Солтүстік Македонияға қарсы матчтан кейін (0:1) халықаралық мансабын аяқтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Bassport.kz ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

— Солтүстік Македонияға қарсы матч менің ұлттық құрама сапындағы соңғы ойыным болды. Бұл шешімді отбасыммен бірге қабылдадық. Енді жастарға жол беру уақыты келді. Футбол — әрқашан бәсекелестік. Қазір бұл туралы көп айтылады, мен де жастың тек төлқұжаттағы сан екеніне сенемін. Бірақ бүгін мен мынаны сеземін: бұл орынды босату керек.
Мен ұлттық құрамадағы соңғы матчымды өткіздім. Футбол мансабымды клубтық деңгейде жалғастырамын. Ұлттық құрама үшін әр ойынды жүрегіме жақын қабылдадым. Әсіресе, «Астана Аренада» 30 мың жанкүйердің қолдауы есімде мәңгі қалады. Жанымда болып, қолдаған баршаңызға алғыс!
Жаратқан ие баршаңызды жақсылықпен марапаттасын. Ұлттық құраманың бір бөлігі болу және капитандық бауды тағу мен үшін үлкен мәртебе еді. Шын жүректен алғыс айтамын! — деді Асхат.

Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Асхат Тағыберген 2014 жылы 7 маусымда Венгрияға қарсы жолдастық кездесуде дебют жасады. Жалпы, Қазақстан құрамасының жейдесін киіп, Тағыберген 63 матч өткізді, оның барысында 3 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді.