Қазақстан құрамасы бокстан халықаралық турнирдің медаль кестесінде топ жарды

ҚБФ
Нидерландтың Эйндховен қаласында өткен Eindhoven Box Cup халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы медальдық есепте бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Bassport.kz.
Қазақстандық былғары қолғап шеберлері бес алтын медаль жеңіп алып, командалық есепте көш бастады. Жеңіс тұғырының ең биік сатысына төмендегі спортшылар көтерілді:
Даниял Сабит – 50 кг
Абылайхан Жүсіпов – 70 кг
Ерасыл Жақпеков – 80 кг
Дәулет Төлемісов – 85 кг
Нұрлан Сапарбай – 90+ кг
Сонымен қатар, ұлттық құраманың еншісіне үш қола медаль бұйырды. Үшінші орын иегерлері:
Ертуған Зейноллинов – 65 кг
Сабыржан Аққалықов – 75 кг
Сағындық Тоғамбай – 90 кг
Бастапқыда Қазақстан құрамасы турнирге он боксшымен қатысқан болатын. Алайда, екі спортшы - Махмұд Сабырхан (55 кг) мен Ерхан Турдан (60 кг) жүлдеден тыс қалды. Әсіресе Сабырханның медальсыз қалуы жанкүйерлер үшін күтпеген жағдай болды.