Бокс федерациясы Жәнібек Әлімханұлының чемпиондық белбеулері туралы мәлімдеме жасады

Бокс
Нұрғали Жұмағазы
Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы Мерей Ақшалов YouTube-тағы «Aqyrys Seitqazy» арнасына берген сұхбатында WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz.
— Жәнібек Әлімханұлына назар аударыңыздар. Оның промоутері - әлемдегі ең мықты әрі беделді промоутерлердің бірі Top Rank. Соның арқасында Жәнібек чемпион атанып, мықты қарсыластармен жекпе-жекке шығып жүр. Қазір оның екі белбеуі бар, — деді Ақшалов.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 5 сәуір күні Астанада өткізіп, француз боксшысы Анауэль Нгамиссенгті бесінші раундта нокаутпен жеңді.