Азия бокс конфедерациясы Қазақстан құрамасының нәтижесіне тәнті болды

Бокс
ҚБФ
Азия бокс конфедерациясы (ASBC) жастар мен 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының көрсеткен нәтижесіне ресми түрде пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz.
Шри-Ланка астанасы Коломбода өткен жарыста 23 елдің арасынан 19 мемлекет медаль еншіледі.
«Қазақстан медальдық есепте бірінші орын алды – спортшылар 41 алтын медаль жеңіп алды. Жас әрі болашағынан үміт күттіретін қазақстандық боксшылар Коломбода жоғары деңгей көрсетіп, мүмкін болған барлық титулдардың 80 пайызынан астамын иеленді. Бұл – елдің Орталық Азиядағы жетекші бокс державасы екенін айқын дәлелдеді», — делінген ASBC мәлімдемесінде.
Чемпионатқа қатысқан елдер қатарында: Ауғанстан, Аустралия, Бангладеш, Камбоджа, Француз Полинезиясы, IBA-Үндістан, Индонезия, Ирак, Қазақстан, Қырғызстан, Кувейт, Малайзия, Моңғолия, Непал, Жаңа Зеландия, IBA-Пәкістан, Сауд Арабиясы, Шри-Ланка, Тәжікстан, Таиланд, БАӘ, Өзбекстан және Вьетнам бар.