Кварацхелия Чемпиондар Лигасының финалынан кейінгі эмоциясымен бөлісті

Футбол
Getty Images
ПСЖ шабуылшысы Хвича Кварацхелия Чемпиондар лигасының финалдық матчына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz сайты. Париждік клуб «Интерді» 5:0 есебімен ойсырата жеңді. Бұл ойында грузин футболшысы бір гол соқты.
«Сөзбен айтып жеткізу қиын. Бұл — керемет сезім. Мен шоктамын. Әлі де осы жерде тұрғаныма сене алмаймын. Бірақ мен әрқашан мұның мүмкін екеніне сендім. Мен — Чемпиондар лигасының жеңімпазымын, бұл — мен үшін үлкен бақыт. Біз бұл жетістікке клуб пен бапкерлермен бірге жеттік. Футболда қиын сәттер жиі болады, бірақ оларды еңсере білу керек. Біз соны жасадық. Финалда “Интерді” 5:0 есебімен жеңу — оңай іс емес. Бапкер тамаша жұмыс істейді. Ол бізге бәрін тамаша түсіндіреді, ал біз оны алаңда жүзеге асыруға тырысамыз», — деп келтіреді Кварацхелияның сөзін «Sputnik Грузия».