Клубтар арасындағы Әлем Чемпионатының барлық қатысушылары анықталды

Getty Images
«Лос-Анджелес» клубы «Америка» командасын 2:1 есебімен жеңгеннен кейін, 2025 жылдың 15 маусымында басталатын Клубтар арасындағы әлем чемпионатына қатысатын барлық командалар анықталды, деп хабарлайды Bassport.kz сайты.
Турнирге 32 клуб қатысады. Командалар сегіз топқа бөлінеді, әр топта төрт командадан болады. Әр топтан екі үздік команда плей-офф кезеңіне өтеді.
2025 жылғы клубтық әлем чемпионатына қатысатын барлық командалардың толық тізімі:
УЕФА (Еуропа):
– «Челси»
– «Манчестер Сити»
– Мадридтік «Реал»
– «Бавария»
– «Пари Сен-Жермен»
– «Интер»
– «Порту»
– «Бенфика»
– Дортмундтық «Боруссия»
– «Ювентус»
– Мадридтік «Атлетико»
– «Ред Булл Зальцбург»
КОНМЕБОЛ (Оңтүстік Америка):
– «Палмейрас»
– «Фламенго»
– «Флуминенсе»
– «Ботафого»
– «Ривер Плейт»
– «Бока Хуниорс»
КОНКАКАФ (Солтүстік және Орталық Америка):
– «Монтеррей»
– «Сиэтл Саундерс»
– «Пачука»
– «Интер Майами»
– «Лос-Анджелес»
АФК (Азия):
– «Аль-Хиляль»
– «Урава Ред Даймондс»
– «Аль-Айн»
– «Ульсан Хёндэ»
ОФК (Тынық мұхиты аймағы):
– «Окленд Сити»
КАФ (Африка):
– «Аль-Ахли»
– «Видад»
– «Эсперанс»
– «Мамелоди Сандаунз»
Еске сала кетейік, ФИФА ұйымдастырып отырған бұл жаңа турнирге қатысатын клубтар үшін 1–10 маусым аралығында қосымша трансфер терезесі ашылады. Бұл кезеңде олар турнир басталғанға дейін жаңа ойыншылармен келісімшарт жасай алады.