"Қайрат" фубол клубының бас-бапкері Рафаэль Уразбахтин қамауға алынуы мүмкін

Футбол

fckairat.com

«Серый Cardinal» Telegram-арнасының хабарлауынша, «Қайрат» клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин «Ақтөбе» жанкүйерлеріне бейәдеп сөздер айтқаны үшін әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін, деп жазады Bassport.kz.

«Бар ақпаратқа сәйкес, кеше «Ақтөбе» жанкүйерлеріне қарата айтылған сөздері үшін «Қайрат» футбол клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин 5, 10 немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынуы ықтимал. Тіпті ол қамауға алынбаса да, оған жаза қолданылатынына сенім мол. Оның айтқан сөздері жазылып алынған, және бұл мәселеде ешкімге жеңілдік жасалмайды. Бұл — мемлекеттің ұстанған саясаты. Рафаэль Радиковичтен кешірім күтуге бола ма?» — деп жазды дереккөз.

Еске салайық, Қазақстан Премьер-Лигасының 11-турындағы «Ақтөбе» — «Қайрат» матчы алматылық команданың 2:1 есебімен жеңісімен аяқталған болатын.