Шавкат Рахмоновтың салмағындағы UFC чемпионы Ислам Махачевте кегін қайтармақшы

Getty Images
UFC ұйымының жартылай орта салмақтағы (77 келіге дейін) чемпионы австралиялық Джек Делла Маддалена UFC-дің салмақ дәрежесіне қарамастан үздік файтері саналатын ресейлік Ислам Махачевпен жекпе-жек осы жылы өтетінін растады, деп хабарлайды Bassport.kz Championat.com-ға сілтеме жасап.
«Менің келесі қарсыласым — Ислам Махачев. Бұған менің сенімім мол. Волкановски үшін одан кек алуға ниеттімін. Жекпе-жегіміз нақты қай жерде өтетінін білмеймін, бірақ ол осы жылы болады», — деп келтіреді Делла Маддаленаның сөзін Red Corner MMA X-тегі (бұрынғы Twitter) парақшасы.
Еске салайық, ресейлік спортшы UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы Александр Волкановскиді екі мәрте жеңген: UFC 284 турнирінде төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен, ал UFC 294-те нокаутпен.
Айта кетейік, жартылай орта салмақтағы рейтингтің үшінші сатысында жеңілмеген қазақстандық Шавкат Рахмонов орналасқан.