Қазақстанның қыздар құрамасы Азия чемпионатында барлық салмақта алтын иеленді

Бокс
Шри-Ланканың Коломбо қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы бокстан Азия чемпионатының финалдық кезеңінде Қазақстан әйелдер құрамасы тарихи жетістікке қол жеткізді. Біздің спортшылар барлық салмақ дәрежесінде финалға шығып, 12 алтын медаль жеңіп алды.
Құрлықтық турнирде бірінші орындарды Айым Танкибаева (48 келіге дейін), Сила Биболсынқызы (50 келіге дейін), Рахмина Абдумежитова (52 келіге дейін), Жанель Имантаева (54 келіге дейін), Ақнұр Тұрсынғали (57 келіге дейін), Толғанай Қасымхан (60 келіге дейін), Алина Құдайгенова (63 келіге дейін), Ақбота Есімбекова (66 келіге дейін), Мария Сидоренко (70 келіге дейін), Зарина Толыбай (75 келіге дейін), Құралай Егінбайқызы (81 келіге дейін), Сабина Жақсылық (81 келіден жоғары) иеленді.