Ла Лигадағы маусымның үздік ойыншысы анықталды

Ла Лигадағы маусымның үздік ойыншысы анықталды
Футбол

Танымал америкалық The Athletic басылымы Испанияның “Барселона” клубының жартылай қорғаушысы Педри Гонсалесті 2024/2025 жылғы маусымда Ла Лигадағы ең үздік ойыншы деп таныды, деп хабарлайды Bassport.kz.

22 жастағы футболшы каталониялық клубтың негізгі ойыншыларының біріне айналды. Ол маусымды 36 матч, 6 гол және 8 нәтижелі паспен аяқтады.

Биылғы маусымда Педри жаңа рөлде ойнады - ол ойын темпін басқаруға белсенді араласып, қорғаныстық функцияларды да өз мойнына ала бастады. Нәтижесінде, жартылай қорғаушы Ла Лигада допты қайтару және шабуылға бағыттайтын пас саны бойынша көшбасшылар қатарынан көрінді.

- Бар болғаны 22 жаста болғанына қарамастан, Педри - толыққанды жартылай қорғаушы және осы маусымда Испания чемпионатындағы ең ықпалды ойыншы, - деп жазады The Athletic.