Мэддисон Еуропа лигасы финалындағы жеңістен кейін өзін сынға алған Кинге жауап берді

Футбол
Getty Images
«Тоттенхэм» жартылай қорғаушысы Джеймс Мэддисон осы маусымда өзін сынаған футбол сарапшысы Рой Кинге жауап берді, деп хабарлайды Bassport.kz. Бұл оқиға УЕФА Еуропа лигасының финалында «Тоттенхэмнің» «Манчестер Юнайтедті» 1:0 есебімен жеңгенінен кейін орын алды. Айта кетейік, Джеймс бұл кездесуге жарақатына байланысты қатысқан жоқ.
Рой Кин бұған дейін «Тоттенхэм» жартылай қорғаушысының дартс ойынына құмарлығын келемеждеп, оны футболға көбірек көңіл бөлуге шақырған болатын.
«Мен сұхбат бермеуім керек еді, бірақ Рой Кин бүгін студияда екенін естідім! Рой, бұл – саған, інім! Финалда жеңіске жету – біз үшін керемет жетістік әрі Чемпиондар лигасына жолдама алудың жолы. Бірақ, ең бастысы – бұл жанкүйерлер үшін. Олар соңғы жылдары көп қиындықты бастан өткерді», – деді Мэддисон француздың RMC Sport онлайн басылымына берген сұхбатында.