Қазақстан жастар арасындағы Азия чемпионатында алғашқы «алтынды» жеңіп алды

Бокс
Olympic.kz
Шри-Ланканың Коломбо қаласында өтіп жатқан жастар мен 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы бокстан Азия чемпионатында Қазақстан алғашқы алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Бұл жеңісті елге Айым Таңқыбаева сыйлады. Жастар арасындағы 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда Таңқыбаева IBA-Үндістан құрамасының өкілі Чанчал Кумаримен кездесіп, төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен (5:0) жеңіске жетті. Үшінші раундта ол қарсыласын тік тұрып алған нокдаунға жіберді.
Жастар арасындағы чемпионаттың финалдық жекпе-жектері 22 мамырға жоспарланған, ал 22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы «алтын» жекпе-жектері 23 мамырда өтеді.