UFC Даңқ залының мүшесі Топурия неге Махачевке ауыр қарсылас бола алатынын түсіндірді

Бокс
Жекпе-жек
Getty Images
UFC Даңқ залының мүшесі, нидерландтық Бас Рюттен ұйымның жұлдыздары — ресейлік Ислам Махачев пен грузиялық Илия Топурияның ықтимал жекпе-жегі жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz сайты.
— Ислам үшін бұл стенд-аптағы (тұрып соққы алмасу) беріктігін тексеретін кездесу болмақ. Дегенмен Илия бұл жекпе-жекке тек күресті дайындайтын болады. Оған соққы техникасын қайта пысықтаудың қажеті жоқ деп ойлаймын — ол бұл жағынан мықты екенін біледі. Сондықтан бүкіл дайындық лагерін грэпплингке арнап, тек соңғы он күнде ғана соққыға аздап көңіл бөледі. Осындай жағдайда бұл Махачев үшін ауыр жекпе-жекке айналады, — деді Рюттен Submission Radio басылымына берген сұхбатында.