Тоқаев әлем чемпионатындағы алғашқы матчтарын өткізді

Тоқаев әлем чемпионатындағы алғашқы матчтарын өткізді
Киберспорт

АҚШ-тың Сиэтл қаласында Dota 2 бойынша The International 2023 басталды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Дота ойыны бойынша әлем чемпионаты саналатын турнирде алғаш рет Қазақстанның да өкілдері бақ сынап жатыр.

PG Quest командасының сапында ойнайтын Айбек Тоқаев (лақап аты - TA2000) топтық кезеңдегі алғашқы кездесулерін өткізді.

Әзірге Айбектің командасы екі рет тең ойнап, 2 ұпаймен 4-орында келеді.

Ал тағы бір қазақстандық киберспортшы Әлімжан Исламбеков (лақап аты - Watson) өзінің "Entity" командасымен 3 ойын өткізіп үлгерді.

Олар әзірге 3 ұпаймен өз тобында 3-орында келеді.

Айта кетейік, The International деген - Dota 2 ойыны бойынша жылына бір рет ойналатын халықаралық жарыс.

Оны киберспорт әлемінде "дота бойынша әлем чемпионаты" деп те атайды.

Биыл жарыс 12-29 қазан аралығында АҚШ-тың Сиэтл қаласында өтеді. Қазір туриндің жүлде қоры - 2,9 миллион доллар.