“Манчестер Юнайтед” өз тарихындағы антирекорд орнатты

“Манчестер Юнайтед” өз тарихындағы антирекорд орнатты
Футбол

«Манчестер Юнайтед» ағылшын Премьер-лигасы тарихында алғаш рет маусымды қатарынан екі жеңіспен аяқтай алмайтын болды, деп хабарлайды Bassport.kz Championat.com-ға сілтеме жасап.

Сонымен қатар, 37-турда «Челсиге» (0:1) есе жібергеннен кейін «қызыл сойқандар» АПЛ тарихында қатарынан сегіз ойында жеңіске жете алмаған алғашқы команда атанды (алты жеңіліс, екі тең ойын).

37 тур қорытындысы бойынша Рубен Аморим жаттықтыратын команда 39 ұпаймен турнир кестесінде 16-орынға жайғасқан. Маусымның соңғы турында «Манчестер Юнайтед» өз алаңында «Астон Виллаға» қарсы ойнайды.