Қазақстан бокс тарихындағы ең нәтижелі бапкер белгілі болды

Қазақстан бокс тарихындағы ең нәтижелі бапкер белгілі болды
Бокс

Olympics.com

Қазақстандық спорт журналистикасының ардагері Қыдырбек Рысбек бокстан ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Мырзағали Айтжанов туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz.

— Қазіргі таңда құраманың ең нәтижелі бапкері - Мырзағали Айтжанов. 2013–2014 жылдары ол әлемнің үздік бапкері деген атақты сатып алған жоқ. Ондай деңгейдегі адамдарда өзінің қалыптасқан мектебі болады, — деді Рысбек «Aqyrys Seitqazy» YouTube арнасында.

Айтжанов 2009 жылы Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалған. 2024 жылы Парижде өткен Олимпиададан кейін, онда Қазақстан бір ғана күміс медаль жеңіп алған соң, ол қызметінен босатылды.