АПЛ ойыншысы уақытша комада жатыр: қақпа бағанасына ішімен соғылып, ауыр жарақат алды

Тайво Авонийи
АПЛ орын алған қорқынышты сәтте не болғанын, барлық жанкүйерлер тек араға екі күн сала білді.
«Ноттингем Форесттің» нигериялық шабуылшысы Тайво Авонйи «Лестермен» болған ойында жарақат алып, шұғыл ота жасатты.
Ойында не жағдай болды?
Кездесудің 83-минутында Авонйи алаңға тыңнан қосылып, төрт минуттан кейін Энтони Эланганың берген пасын голға айналдырмақ болды. Бірақ, оның орнына қатты жылдамдықпен қақпа бағанасына ішімен соғылды.
Алаңда жылдам медициналық көмек көрсетілді.
Тайво алаңнан өздігінен кетті, кішкене тұрғанымен, бірақ, бірден жерге жата қалды – жарақат шынымен де ауыр болғаны түсінікьі. Футболшыға қайтадан медициналық көмек көрсетілді.
Бапкер Нуну Эшпириту Санту істің мән-жайын анықтау үшін футболшыдан көз алмады, Тайвоны ауыстыру керек па деген сұрақ мазалады. Авонийи ақырында орнынан қайта тұрды, өзіне келгеннен кейін, қалған ойынның 6 минутын соңына дейін ойнап шықты.
Қозғалу оған қандай қиын болғаны айқын көрініп тұр – бұрыштамадан асырылған допқа мүлдем таласпады және позициялық шаубылда алдыға жүгірмеді. Тіпті, кейде командасы шабуылдаса да қолымен ішін ұстап та, әрең қозғалды. Қатты ауырғаны бірден білінеді.
Ол эпизодта Эланга анық офсайдта тұрған еді, бірақ төрешілер шабуылды аяқтауға мүмкіндік берді – бұл ВАР кезінде жиі жасалатын нәрсе. Егер “офсайд” сол кезде белгіленгенде, Авонийи бағанаға соғылмас еді, бұл қажет те болмас еді.
Сейсенбі кешке Daily Mail Авонийидің ауыр іш жарақатына байланысты шұғыл операция жасағанын хабарлады. Бұл жарақат өмірге қауіп төндіретіндей ауыр болған. Футболшыны жасанды комаға енгізуге тура келген.
«Ноттингем» операция жасалғанын растады және Тайвоның «жақсы қалпына келіп жатқанын» мәлімдеді. Демек, енді өміріне төнетін ең қатерлі қауіп сейілген сияқты.
Жасанды кома – бұл организмді қалпына келтіру үшін қажет бақыланатын күй.
Авонийи үшін алаңдаймыз, бірақ үрейге бой алдырмаймыз. Жасанды кома – бұл адамды арнайы препараттардың жоғары дозасымен жасанды ұйқыға енгізетін медициналық әдіс. Бұл адам дәл қазір өлім аузында тұрғандықтан емес, ағзаға ауыр жарақаттан немесе операциядан кейін қалпына келуге уақыт беру үшін жасалады.
Бұл жағдайда да, егер жағдай тұрақты деп бағаланса және өміріне тікелей қауіп болмаса, кома алдын алу шарасы ретінде қолданылған. Яғни, ағза «қуатты үнемдеу режиміне» көшіп, қалпына келуге шоғырланады. Жасанды комада адамның тыныс алуы мен жүрек соғысы баяулайды, дене температурасы төмендейді және ауырсынуды сезіну қабілеті әлсірейді. Бұл энергия мен оттегінің шығынын азайту үшін қажет.
Ішке соққы тигенде бауыр, көкбауыр немесе ішек зақымдалуы мүмкін – бұл жағдайда ішкі қан кету қаупі жоғары. Операция сәтті өтсе де, кома ағзаға түскен күшті азайтып, ауырсыну стрессін төмендету және жағдайды бақылауда ұстау үшін қажет. Әсіресе алғашқы күндері өте маңызды.
Көрсеткіштер тұрақтанған кезде, науқасты комадан біртіндеп шығара бастайды. Бұған нақты уақыт бекітілмейді – шешімді дәрігерлер науқастың жағдайына байланысты қабылдайды. Жалпы алғанда, бұл – ең ауыр кезеңнен жұмсақ әрі қауіпсіз өтуге арналған сақтық шарасы.
Оқиғаны не қоршаған еді?
Бүкіл оқиғаға байланысты үлкен әңгіме туындады: нақты мәліметтерсіз-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары «Ноттингем Форест» иесі Эвангелос Маринакис пен бас бапкер Нуну Санту арасында қақтығыс болды деп болжам жасады.
«Форест» Еурокубок жолдамасы үшін күресте «Лестермен» (2:2) тең ойнап, маңызды ұпай жоғалтты. Матчтан кейін алаңға Маринакис шығып, Сантуға ренішпен бірдеңе айтты. Кетерінде ол жаттығуға арналған конусты теуіп кетті.
Көпшілік бұны иесінің бапкерге нашар нәтиже үшін ашулануы деп түсінді. Гари Невилл былай деді: «“Форест” иесінің “Сити Граундта” жасағаны — барып тұрған сорақылық. Мен Нунунің орнында болсам, онымен ашық сөйлесер едім. Олар клуб тарихында көптен болмаған жетістікке жетіп, Еуротурнирге шықты, ал ол болса, көпшіліктің көзінше бапкерді қорлайды. Бұл — ақымақтық».
Оған жауап ретінде клуб та өз наразылығын білдірді. «Форест» ресми мәлімдеме жасап, Маринакистің эмоциясы Авонийидің жағдайына байланысты болғанын, бапкермен ешқандай қақтығыс болмағанын түсіндірді. Оқиғаның шынайы мән-жайын білмей тұрып, жалған ақпаратқа сенудің және асығыс қорытынды жасаудың қажеті жоқ екенін айтты. Невиллдің сөзіне де тұспалды жауап бар еді: «Әлеуметтік желілерде танымал болу үшін негізсіз ашуға берілу ешкімге пайда әкелмейді – ең алдымен, жарақат алған ойыншыға».
Матчтан кейін Санту да растады: Маринакис ашуланған, бірақ бұл жағдайға байланысты ғана: «Бұл бәріміз үшін ауыр сәт болды. Тайво ойынды жалғастыруға тырысты, бірақ қатты ауырсыну болды. Нәтижесінде, ол командаға көмектесе алмады. Дәрігерлік және жаттықтырушылар штабы арасында түсінбеушілік орын алды».
Кейін анықталды: бәрі біз ойлағаннан да күрделі болған. Шұғыл ота қажет болды. Бірақ қазір, көріп отырғанымыздай, жағдай оңалып келеді.