Жәнібек Әлімханұлы Канеломен қашан жекпе-жек өткізетінін хабарлады

Жәнібек Әлімханұлы Канеломен қашан жекпе-жек өткізетінін хабарлады
Бокс

Әлеуметтік желі

IBF және WBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) алдағы жоспарларымен бөлісіп, болашақ қарсыластарының есімін атады, деп хабарлайды Bassport.kz.

32 жастағы қазақстандық былғары қолғап шебері 5 сәуір күні IBF рейтингіндегі жетінші нөмірлі француз Анауэль Нгамиссенгеге (14-1, 9 KO) қарсы кездесу өткізіп, чемпиондық атақтарын сәтті қорғап қалды. Бірақ Әлімханұлы жыл соңына дейін тағы бір кездесу өткізбек.

Оның басты мақсаты - WBC чемпионы, доминикандық Карлос Адамеспен (24-1-1, 18 KO) жекпе-жек өткізу.

«Биыл Карлосты құлатып, үшінші белбеуді иемденемін. Одан кейін Лараны зейнетке шығарамын. Ал келесі жылдың мамыр айында Канеломен жұдырықтасып, екі салмақта абсолют чемпион боламын!», – деп жазды Әлімханұлы X (бұрынғы Twitter) парақшасында.