UFC чемпионы Белал Мухаммад Монреалдағы аренаға "Чикаго" клубының жейдесінде келді

UFC чемпионы Белал Мухаммад Монреалдағы аренаға
Бокс
Жекпе-жек

Chris Unger/Getty Images

Орташа жеңіл салмақтағы (77 кг дейін) UFC чемпиондық титулының қазіргі жеңімпазы америка-палестиналық Белал Мухаммад Монреалда өтетін баспасөз мәслихатына Ұлттық хоккей лигасының "Чикаго Блэкхоукс" клубының жейдесінде келді, деп хабарлайды Bassport.kz сайты.

UFC 315 турнирі жергілікті "Монреаль Канадиенс" командасы ойындарын өткізетін, "Белл-центр" аренасында өтеді.

Белал Чикаго, АҚШ-та дүниеге келген, көптен бері жергілікті командалар мен спортшыларды қолдайды, соның ішінде World Wrestling Entertainment (WWE) промоушеніндегі танымал америкалық рестлер Филлипп Брукстың, СМ Панк жанкүйері.

UFC 315 турнирі Монреалда 10 жылда өткен алғашқы турнир болмақ. Мухаммад кештің басты жекпе-жегінде Джек Делла Маддаленаға қарсы чемпиондық титулды қорғайтын болады.