«Интер» бапкері мен команда көшбасшысы мафиямен байланыс үшін дисквалификацияланды

«Интер» бапкері мен команда көшбасшысы мафиямен байланыс үшін дисквалификацияланды
Футбол

Чемпионат

«Интер» клубының бас бапкері Симоне Индзаги мен команда жартылай қорғаушысы Хакан Чалханоғлу Серия A-ның бір матчына дисквалификацияланды.

Бұл шешім олардың клуб жанкүйерлерінің ұйымдасқан қылмыстық топтармен байланысына қатысты іс аясында қабылданды.

Индзаги мен Чалханоғлу 2023 жылғы Чемпиондар лигасының финалына («Манчестер Ситиге» қарсы, 0:1) қосымша билеттерді бөлу мәселесі бойынша «Интердің» ультрас жанкүйерлерінің өкілі Марко Фердикомен байланыс орнатқан. Айта кетейік, Фердико 2023 жылдың қыркүйегінде мафиямен байланысы бар деген күдікпен тұтқындалған 19 адамның қатарында болды.

Қос футбол маманы тергеу органдарымен келісімге келген. Симоне Индзагиге 15 мың еуро, ал Хакан Чалханоғлуға 30 мың еуро көлемінде айыппұл салынды. Екеуі де 3 мамырда өтетін Серия A-ның 35-турындағы «Веронаға» қарсы үй матчына қатыса алмайды.