Криштиану Роналду АПЛ клубымен келісімшартқа отыруы мүмкін

Криштиану Роналду АПЛ клубымен келісімшартқа отыруы мүмкін
Футбол

Goal.com

40 жастағы португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду клубтық әлем чемпионатына қатысу үшін АПЛ-дың «Челси» клубымен қысқа мерзімді келісімшартқа қол қоюы мүмкін, деп хабарлайды Bassport.kz порталы Sport.ua-ға сілтеме жасап.

Аңыз ойыншының «Челсимен» келісімі бір айға ғана есептелген. Бұл келісім толыққанды трансфер емес, тек клубтық әлем чемпионатында ойнауға мүмкіндік беру мақсатында жасалмақ.

Айта кетейік, Роналду өнер көрсететін саудиялық «Аль-Наср» жуырда Азия Чемпиондар лигасынан шығып қалды.

Клубтық әлем чемпионатында «Челси» бразилиялық «Фламенго» және тунистік «Эсперанс» клубтарына қарсы ойнайды. Үшінші қарсылас кейінірек анықталады, себебі турнирге қатысуы тиіс болған мексикалық «Леон» жарыстан шеттетілді.