"Ақтөбе" футбол клубы 250 миллион теңге ұрлады деген күдікке ілінді

Футбол

"Ақтөбе" ФК

Ақтөбе облысының прокуратурасы "Ақтөбе" футбол клубында ірі көлемде қаржылық заңбұзушылықтарды анықтады. Bassport.kz порталының облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, жалпы шығын көлемі 250 миллион теңгені құрайды.

Тексеру нәтижесінде футболшылардың трансфері мен тамағына бөлінген қаражаттың бір бөлігі себепсіз жұмсалғаны белгілі болды. Анықталған заңбұзушылықтардың ішінде футболшылармен және әуе тасымалдаушыларымен жасалған күмәнді келісімдер, сондай-ақ команда тамағына бөлінген ақшаның клуб әкімшілігінің қажетіне жұмсалуы бар.

Тексеру нәтижесінде Қылмыстық кодекстің бірнеше бабымен — аса ірі көлемде қаржы жымқыру, қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану және алаяқтық бойынша үш сотқа дейінгі тергеу қозғалды. Барлық материалдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жіберілді.