Шавкат Рахмонов UFC чемпионы атағы үшін басты үміткер болып қалатын болды ма?

Чемпионат
Канзас-Ситиде (АҚШ) өткен турнирде ирландиялық файтер Иэн Гэрри (16-1) бразилиялық Карлос Пратестен (21-7) басым түсіп, өзін титулдық белбеуге лайықты қарсылас ретінде көрсетті. Алайда UFC сарапшылары қазақстандық Шавкат Рахмоновты (19-0) чемпиондық жекпе-жекке басты үміткер деп атап отыр, деп хабарлайды Bassport.kz.
BJPenn порталының жазуынша:
“Егер Рахмонов денсаулығын толық қалпына келтірсе, ол биыл Мухаммад пен Делла Маддалена арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен белбеу үшін октагонға шығуы керек. Ал Гэрриге тағы бір жеңіс қажет болуы мүмкін. Ол Шон Брэдимен кездесіп, негізгі үміткер атағы үшін таласуы мүмкін.”
Еске салайық, Шавкат Рахмонов өткен жылы Белал Мухаммадпен титулдық жекпе-жек өткізуі керек еді. Алайда америкалық файтер жарақатына байланысты кездесу өтпей қалды. Мамыр айына жоспарланған реванш та болмайды – бұл жолы денсаулығына байланысты октагонға Рахмоновтың өзі шыға алмайтын болды. Оның орнына рейтингтің 5-орнында тұрған австралиялық Джек Делла Маддалена (17-2) өнер көрсетеді.
Жекпе-жек жеңімпазы 2025 жылы Шавкат Рахмоновпен чемпиондық титулды қорғау үшін кездесуі тиіс.