Абат Айымбетов: «Үш күн сайын футбол ойнау ауыр екен»
Футбол
– Үш күн сайын матч өткізу ойыншыларға қалай әсер етуде?
– Қиынға соғуда. Бірақ амалымыз қанша, шыдауға тура келеді. Ертеңгі ойынға деген дайындық жақсы. Соңғы матчты жеңіспен аяқтауға тырысамыз.
– Соққан голдарыңыздан кейін жанкүйерлер сізді Роналдуға теңеуде.
– Әрине, Бензема, Роналду секілді ойыншылармен салыстырғаны жақсы әсер сыйлайды. Бірақ мен Аралдан шыққан Айымбетовпін. Бір күні сондай футболшы боламын деген үміттемін.
– Қазақстан біріншілігі бел ортасына келді, ал Словакияда чемпионат аяқталып жатыр. Бұл біздің команда үшін артықшылық па?
– Мұны ертеңгі ойын көрсетеді деп ойлаймын.