Садриддин күтпеген жағдайдан кейін, не болғанын түсіндіріп берді

Садриддин Ахметовтің ресми Вконтакте парақшасынан
Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (15-0-1, 13 КО) АҚШ-та өткен мексикалық Элиас Эспадасқа (23-6-1, 16 КО) қарсы жекпе-жектен кейінгі тең нәтижеге байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz.
Ахмедовтың айтуынша, бұл жекпе-жек оңайға соқпаған, ал айқастың ортасында ол ауыр жарақат алған.
“Бұл қиын айқас болды. Бесінші не алтыншы раундта қолымды сындырып алдым. Нақты не болғанын білмеймін, бірақ бұл – бокс, мұндай жағдайлар болып тұрады. Эспадас – өте мықты қарсылас. Қайта кездесуге тиіспіз деп ойлаймын. Бұл жекпе-жек үшін кешірім сұраймын”, – деді Ахмедов.Төрешілердің шешіміне қатысты ойын білдірген Садриддин төрешілердің шешімімен дауласпайтынын айтты:
“Төрешілер бар – шешімді солар шығарады. Бірақ жарақатыма қарамастан, өзімді жақсы жағынан көрсете алдым деп ойлаймын”.
Қайта жекпе-жек жайлы сұраққа Ахмедов сенімді түрде жауап берді:
Иә, біз екінші жекпе-жек өткіземіз”.
Сөз соңында Ахмедов жанкүйерлеріне қолдаулары үшін алғыс айтты.
Айта кетейік, АҚШ-та Садриддинді жиі Геннадий Головкинмен салыстырады. Бұл – оның GGG-дің бұрынғы командасымен: бапкер Абель Санчес пен промоутер Том Леффлермен жұмыс істеуіне байланысты.