Алан Құрманғалиев Францияда өткен халықаралық турнирде чемпион атанды

Басқа
ҰОК
Қазақстандық жас спортшы Алан Құрманғалиев үстел теннисінен WTT Youth Star Contender Metz халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алды. Жарыс Францияның Мец қаласында өтті, деп хабарлайды Bassport.kz.
Құрманғалиев 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы сында қарсыластарынан оқ бойы озық шығып, финалға дейінгі барлық матчтарда сенімді ойын көрсетті.
Қазақстандық теннисші турнир барысында Англиялық Коннор Гринді (3:0), Пуэрто-Риколық Энрике Риосты (3:0), Оңтүстік Кореялық Ма Ёнминді (3:1), Франциялық Флавио Мурьені (3:2), тағы бір кореялық Ли Сынсуды (3:1), Румыниялық Юлиан Чиритуды (3:1) және Тайбэйден келген Ян Хао-Дженді (3:1) тізе бүктірді.