Қазақстандық спортшы Азия чемпионатында топ жарды

Басқа
ҰОК
Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан бадминтоннан Азия чемпионаты аясында ерлер арасындағы топтық кезең аяқталды. Бұл туралы Bassport.kz хабарлайды.
Қазақстандық спортшы Дмитрий Панарин D тобында өнер көрсетіп, екі қарсыласын да жеңіп, топтан бірінші орынмен шықты. Ол Мьянма өкілі Хейн Хтутты және Бангладештен келген Хандокар Соадты сенімді түрде ұтты.
Осылайша, Панарин турнирдің 1/16 финалына жолдама алып, келесі айналымда үндістандық Киран Джорджпен кездесетін болды.