«Жас Головкиннің» жекпе-жегі кезекті рет нокаутқа айналды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Виктор Теміров (6-0, 4 КО) Германияның Квакенбрюк қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде кезекті шайқасын өткізді деп хабарлайды Bassport.kz сайты Sports.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Теміров польшалық боксшы Адам Цеслякпен (8-24-1, 3 КО) күш сынасты. Бұл жекпе-жек бірінші орта салмақта өтті және алты раундқа жоспарланған еді. Алайда ол төртінші раундта қазақстандық боксшының техникалық нокаутымен мерзімінен бұрын аяқталды. Осылайша, Виктор Темиров кәсіби мансабындағы жетінші жеңісіне қол жеткізді, ал Адам Цесляк профи ретіндегі 25-ші жеңілісін тіркеді. Айта кетейік, Темиров «Қасапшы» деген лақап атқа ие, бірақ неміс жанкүйерлері оны жас кезіндегі Геннадий Головкинмен салыстыруды жөн көреді. Головкин де даңққа апарар жолын Германияда бастаған болатын.