ҚПЛ-дың осы маусымында алғашқы бапкер клубтан кетті

ҚПЛ-дың осы маусымында алғашқы бапкер клубтан кетті
Футбол

bel.footaball

«Қызылжар» футбол клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Bassport.kz мәліметінше, петропавлдық клубтың бас бапкері, беларусь маманы Александр Бразевич қызметінен ресми түрде кетті.

Бразевичпен бірге оның көмекшісі Игорь Тарловский де клубтан кеткені хабарланды.

Қазақстан Премьер-Лигасының төрт турынан кейін «Қызылжар» бірде-бір жеңіске жете алмай, екі ұпаймен турнирлік кестеде 11-орында тұр.

Еске сала кетейік, бұған дейін БАҚ-та команданың бас бапкері қызметіне серб маманы Милич Чурчичтің тағайындалуы мүмкін екені жайлы ақпарат тараған еді.