Максим Самородовтың голы «Ахматқа» клубтық рекордты қайталауға көмектесті

Prosports
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов Ресей Премьер-Лигасының 24-турындағы «Ростовқа» қарсы ойында жеңіс голын соғып, «Ахматтың» клубтық рекордын қайталауға үлес қосты. Бұл туралы Bassport.kz Championat.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Грозныйлық клуб өз алаңында 2:1 есебімен жеңіске жетіп, РПЛ-дегі жеңіліссіз сериясын сегіз матчқа жеткізді. Бұл көрсеткіш — «Ахмат» тарихындағы ең ұзақ сериямен тең. Команданың соңғы жеңілісі 2024 жылдың 24 қарашасында, 16-турда «Крылья Советовқа» қарсы (1:2) тіркелген еді. Бұған дейін дәл осындай нәтиже 2016 жылы тіркелген болатын — сол кезде де команда қатарынан сегіз матчта жеңілмеген.
Қазіргі таңда «Ахмат» 24 тур қорытындысы бойынша 23 ұпаймен 13-орында тұр. Команда турнирлік кестеде «Химки» мен «Крылья Советовтан» қосымша көрсеткіштер бойынша қалып келедi.