Қазақстанда "жаңа" Хусанов табылды

Қазақстанда
Футбол

upl.uz

Bassport.kz мәліметінше, Upl.uz журналисі Мурад Тешабаев Қазақстан Премьер-Лигасында ойнап жүрген өзбекстандық жартылай қорғаушы Бехруз Аскаровтың «Тұран» сапындағы ойынына назар аударған.

«Қазақстанда өзбек футболының жас таланты табылды», — деп жазады портал мақала тақырыбында.

Қазіргі таңда Қазақстан Премьер-Лигасында Өзбекстан құрамасының ойыншысы ерекше көзге түсіп жүр. Оның мансабын Абдуходир Хусановтың агенті — «Манчестер Сити» ойыншысы ретінде танымал футболшының өкілдері басқарып отыр. Шымкенттің «Ордабасысы» жаңа мақсаттарға бейімделіп, құрамын қайта құрып жатқанда, түркістандық «Тұран» мықты ұжым ретінде танылып келеді. Команда құрамында ерекше көзге түсіп жүрген ойыншылардың бірі — Өзбекстаннан келген жартылай қорғаушы Бехруз Асқаров.

Асқаров — Өзбекстандағы ең танымал клубтардың бірі саналатын ташкенттік «Пахтакор» клубының түлегі. Бұл фактінің өзі оның дайындық деңгейінің жоғары екенін аңғартады. Өткен маусымда ол «Пахтакор» сапында түрлі турнирлерде 22 ойын өткізген. Сонымен қатар, 20 жасқа дейінгі Өзбекстан жастар құрамасында 14 матч өткізген, оның ішінде Азия Кубогы мен Жастар арасындағы Әлем чемпионатының финалдық кезеңдеріне де қатысқан. Бұл турнирлерде ол тіпті капитандық міндетті де атқарған. Клубтық деңгейде оның Азия Чемпиондар Лигасында алты ойыны бар.

Қызығы, мұндай әлеуеті бар 22 жастағы футболшының өз елінде қалмай, Қазақстан Премьер-Лигасына ауысуы. «Пахтакор» сынды клубтың мұндай ойыншыны сақтап қала алмағаны таңғаларлық. Алайда ол «Тұранға» ауысты. Бұл трансфердің артында ойыншы агенттерінің шешімі тұрғаны байқалады. Transfermarkt порталының дерегінше, Аскаровтың ісімен Football Group LLC агенттігі айналысады. Бұл компания Улугбек Асанбаевпен байланысты, ал оның басты клиенті — Абдуходир Хусанов. 

«Тұран» клубының қатарында Асанбаевтың клиенттері көп. Олардың қатарында Шохбоз Умаров, Абинур Нұрымбет сынды футболшылар да бар. Қазіргі таңда, жас таланттар тұрғысынан қарағанда, «Тұранның» құрамы «Ордабасыға» қарағанда әлдеқайда қызықты. Асқаров — әмбебап ойыншы: ол тірек жартылай қорғаушы, шабуылшы жартылай қорғаушы немесе үш орталық қорғаушымен ойнағанда сол жақ орталық қорғаушы ретінде де ойнай алады. Ол алаңдағы жағдайды жақсы бағамдайды, қарсыластың қысымына төтеп бере алады, ал сол аяғымен дәл әрі техникалық пас беруі — ойынға ерекше әр береді. 

Аскаровтың Қазақстан чемпионатындағы ең жарқын сәті — «Қызылжарға» қарсы матч. Ол екінші таймда алаңға шығып, ойынның ағысын өзгертті. Алдымен айып алаңына берілген доптан баспен гол соқты, кейін Згурскийге нәтижелі пас беріп, командасына 3:2 есебімен жеңіске жетуге көмектесті. Бұл камбэк турдағы ең есте қаларлық оқиғалардың бірі болды. 

Аскаровтың Қазақстанда дамып, үлкен деңгейге көтерілуге толық мүмкіндігі бар. «Тұран» клубының бас бапкері Виталий Жуковский мен оның жаттықтырушылар штабы жас ойыншылармен жақсы жұмыс істейді, бұл Бехруздың ашыла түсуіне көмектесуі мүмкін. 

Сонымен қатар, Бехруздың қосымша мотивациясы бар — Өзбекстан құрамасы 2026 жылы өтетін әлем чемпионатына алғаш рет шығуға жақын. Әрбір өзбек ойыншысы бұл тарихи құраманың тізіміне енуді армандайды. Қазір Аскаров негізгі құрамға енбегенімен, оған әлі уақыт бар. Беларусь чемпионатынан «Манчестер Ситиге» өткен Хусановтың мысалы — мұндай жолдың мүмкін екенін дәлелдейді. Ал Беларусь лигасының деңгейі Қазақстан чемпионатынан жоғары деп айту қиын...