Абдуқодир Хусановқа «Манчестер Сити»-ден жаман жаңалық жетті

Абдуқодир Хусановқа «Манчестер Сити»-ден жаман жаңалық жетті
Футбол

Zamin.uz

Норвегиялық шабуылшы Эрлинг Холандтың «Манчестер Сити»-ден кетуі өзбекстандық жас қорғаушы Абдуқодир Хусановтың болашағына кері әсер етуі мүмкін. Бұл туралы Bassport.kz Zamin.uz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның жазуынша, Хусанов Англиядағы алғашқы күндерінен-ақ командадағы моральдық қолдауды негізінен Эрлинг Холандтан алған. Атақты шабуылшы жас футболшыны қателіктері үшін сөкпей, қолдап, сенімді серік бола білген.

— Бұл жағдай Абдуқодир Хусановқа қалай әсер етеді? Себебі «Сити»-ге алғаш келген күндерінен бастап ол Холандтан үлкен моральдық қолдау көрді. Қателессе де, жақсы ойнаса да, Эрлинг әрдайым жанында болды. Мұндай деңгейдегі ойыншымен бір командада болу — кез келген жас футболшы үшін зор мүмкіндік, — деп жазады Zamin.uz.

Айта кетейік, бұған дейін БАҚ-та Эрлинг Холандтың соңғы нәтижелерге көңілі толмай, клубтан кету мүмкіндігін қарастырып жатқаны туралы ақпараттар тараған болатын.