16 жастағы Дастан Сатпаев Еуропаның үздік жас ойыншылары қатарына енді

16 жастағы Дастан Сатпаев Еуропаның үздік жас ойыншылары қатарына енді
Футбол

“Қайрат” ФК

Алматылық «Қайрат» клубының шабуылшысы Дастан Сатпаев Rising Stars XI жобасы аясында аптаның үздік жас футболшылары құрамына енді. Бұл туралы Bassport.kz алматылық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.  

Аталған рейтингке Еуропа мен әлемнің әртүрлі чемпионаттарында көзге түсіп жүрген 23 жасқа дейінгі ойыншылар іріктеледі. 16 жастағы Сатпаев бұл тізімдегі ең жас футболшы атанды.

Өткен аптада Қазақстан Премьер-лигасының аясында өткен «Атырауға» қарсы ойында ол дубль жасап, бір нәтижелі пас беріп, командасының 4:1 есебімен жеңіске жетуіне тікелей үлес қосты. Бұл көрсеткіш Rising Stars сарапшыларының назарынан тыс қалмады.

Аптаның үздік құрамына Дастанмен бірге әйгілі ойыншылар — испаниялық Гави мен колумбиялық Барриос та енді.

Айта кетейік, Сатпаевтың трансферлік құқығы ағылшындық «Челси» клубына тиесілі. Жас шабуылшыны болашағы зор ойыншылардың бірі ретінде Еуропа сарапшылары да жоғары бағалап отыр.