Еуразия елдерінің жас жұлдыздары тағы да «Барыс Арена» мұз айдынында сынға түседі

ОТЛК ЕРА
Халықаралық «UTLC Ice Cup» жастар турнирі бесінші мәрте «Young Eurasian Stars» ұранымен Еуразия құрлығы елдерінің хоккейшілерінің басын қосады. Матчтар 12-17 сәуір аралығында Астанадағы «Барыс Арена» мұз айдынында өтеді.
Бұл турнир – «ОТЛК ЕРА» АҚ жыл сайын Мәскеудегі «РЖД Аренада» өтетін футболдан беделді UTLC Cupжарысынан кейінгі екінші спорттық жобасы. Биыл турнирдің басты жүлдесіне айдын иесі «Барыстан» өзге, омбылық «Авангард», Санкт-Петербургтің «Армия СКА», Бейжіңнің «GLC», Минсктің «Динамо» және Ярославльдің «Локомотив» командалары таласады.
Алексей Гром, «ОТЛК ЕРА» АҚ бас директоры:
— Спорттық мерекеміздің қатысушыларымен, ұйымдастырушыларымен, жанкүйерлерімен және қонақтарымен тағы да Астанада қауышатынымызға қуаныштымын. Турнирді ұйымдастыруға қолдау көрсеткен барша жанға алғыс айтқым келеді. Астана бұл күндері, расымен, Еуразияның жасөспірімдер арасындағы хоккейінің астанасына айналады. Құрлығымыздың төрт мемлекетінің жас хоккейшілері өздерінің ең үздік қабілеттері мен шеберлігін көрсетеді, ал жанкүйерлер өз командасына жанкүйерлер болады деп сенемін. Баршаңызға жарқын эмоция тілеймін және қатысушыларды UTLC Ice Cup 2025 Кубогына тартысты да әділ талас жүргізуге шақырамын! Өзім де турнирдің басталуын асыға күтіп жүрмін, бәріңізді осы күндері «Барыс Аренаға» келуге шақырамын!
12 сәуірде «Барыс Арена» баспасөз орталығында дәстүрлі жеребе тарту рәсімі мен баспасөз мәслихаты өтеді. Топтық кезең ойындары 13-15 сәуір аралығында болады. Ал финал 17 сәуірде өтеді деп жоспарланған.
Еске салайық, бұған дейін ярославілік «Локомоти» үш мәрте, ал ЦСКА бір рет UTLC Ice Cup турнирінің жеңімпазы атанған еді.