Орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жектен қашты деп айыптады

Орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жектен қашты деп айыптады
Бокс

Нұрғали Жұмағазы

Орта салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Карлос Адамес қазақстандық IBF және WBO белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлын өзімен жекпе-жектен жалтарды деп тағы да айыптады. Бұл туралы Bassport.kz хабарлайды.

Адамес әлеуметтік желіде Жәнібектің Сауль «Канело» Альвареспен болуы мүмкін кездесуді «жеңіл жұмыс» деп сипаттаған жазбасын репост жасап, оған жауап ретінде:

— Бұл жігіт менімен кездесуден қашу үшін ауыр салмаққа көшуге де дайын, — деп жазды доминикандық боксшы.

Сонымен қатар, ол Әлімханұлының командасы жекпе-жекке қатысты ресми ұсынысты елемей қойғанын айтты.

— Менің промоутерім Жәнібектің менеджерлеріне ресми ұсыныс жіберді. Бірақ жауап болмады, — деді Карлос Адамес.