Садриддин Ахмедов мексикалық қарсыласымен көз түйістірді

Садриддин Ахмедов мексикалық қарсыласымен көз түйістірді
Бокс

Sport +

Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов (15-0, 13 KO) рингке қайта оралмақ. Бұл туралы Bassport.kz хабарлайды.  

Ахмедовтың келесі жекпе-жегі 19 сәуір күні АҚШ-тың Калифорния штатындағы Коммерс қаласында өтеді. Ол 360 Promotions ұйымдастыратын кештің басты жекпе-жегінде мексикалық Элиас Эспадаспен (23-6, 16 KO) қолғап түйістіреді.

Кездесуге он күн қалғанда қос боксшы ашық жаттығу өткізіп, алғаш рет бетпе-бет дуэль жасады.

Айта кетейік, Садриддин Ахмедов аты аңызға айналған GGG-дің бұрынғы командасымен жұмыс істейді: бапкері — Абель Санчес, промоутері — Том Леффлер, ал менеджері — Олег Герман.