Криштиану Роналду үздік үш футболшыны атады

Футбол
Oxu.az
«Алтын доптың» бес дүркін иегері, «Аль-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду қазіргі заманғы ең үздік үш футболшыны атады. Бұл туралы Bassport.kz Give Me Sport-қа сілтеме жасап хабарлайды.
— Үздік үш ойыншы тізіміне өзімді, әрине, Лионель Мессиді және Зинедин Зиданды қосар едім, — деді португалиялық жұлдыз.
Биылғы маусымда Роналду «Аль-Наср» сапында 33 матчқа қатысып, 28 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді. Оның клубпен жасасқан келісімшарты 2025 жылдың жазына дейін күшінде. Transfermarkt порталының мәліметінше, шабуылшының қазіргі нарықтық құны — 12 миллион еуро.
Айта кетейік, Лионель Месси бүгінде АҚШ-тың МЛС лигасындағы «Интер Майами» клубында өнер көрсетуде, ал Зинедин Зидан кәсіби мансабын аяқтаған.