Футбол тарихындағы Мессиден де үздік ойыншы анықталды

Футбол тарихындағы Мессиден де үздік ойыншы анықталды
Футбол

Матч ТВ

«Алтын доптың» үш дүркін иегері, Нидерланд футболының аңызы Марко ван Бастен аргентиналық Диего Марадонаның Лионель Мессиден артық екенін айтты. Бұл туралы Bassport.kz хабарлайды.

— Лионель Месси — керемет ойыншы. Бірақ Диего Марадона әрқашан командадағы ерекше тұлға болды. Месси — ол ұжымды алға бастап, “соғысқа” сүйреп шығатын лидер емес, — деді ван Бастен Give Me Sport басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Диего Марадона 2020 жылдың 25 қарашасында 60 жасында өмірден өтті. 1986 жылғы әлем чемпионының өліміне жүрек тоқтауы себеп болған. Қазіргі уақытта оның өліміне байланысты сегіз медицина қызметкеріне «абайсызда кісі өліміне себепкер болды» деген айып тағылған.