Қазақстан-Өзбекстан айқасы: Қазақстан боксшылары тарихи Әлем кубогындағы алғашқы қарсыластарын білді

Әлеуметтік желі
31 наурызда Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында басталатын World Boxing Әлем кубогының алғашқы кезеңінде Қазақстан құрамасы өз қарсыластарымен танысты, деп хабарлайды Bassport.kz.
Ерлер арасындағы жұптар:
50 кг: Нұрзат Оңғаров — Асилбек Жалилов (Өзбекстан), 1/4 финал
55 кг: Нұрсұлтан Алтынбек — Микаэль Триндаде (Бразилия), 1/8 финал
60 кг: Талғат Сырымбетов — Луис Оливейра (Бразилия), 1/4 финал
65 кг: Алмат Абдуәли — Юри Рейс Фалькао (Бразилия), 1/8 финал
70 кг: Дархан Дүйсебай — Макан Траоре (Франция) / Криштиану Перейра (Бразилия) жұбының жеңімпазы, 1/4 финал
80 кг: Диас Молжігітов — Никоден Козак (Польша), 1/4 финал
85 кг: Дәулет Төлемісов — Абдулайе Траоре (Франция) / Джугну (Үндістан), 1/2 финал
+90 кг: Даниял Сапарбай — Нарендер (Үндістан), 1/4 финал
Әйелдер арасындағы жұптар:
51 кг: Жазира Орақбаева — Каролин Алмейда (Бразилия), 1/4 финал
54 кг: Анита Адишева — Виктория Рогалиньска (Польша), 1/4 финал
57 кг: Ұлжан Сәрсенбек — Юлия Шеремета (Польша) / Алиса Мендоса (АҚШ), 1/2 финал
Еске сала кетейік, World Boxing ұйымы ұйымдастырып жатқан алғашқы Әлем кубогының бірінші кезеңі 31 наурыз бен 6 сәуір аралығында Бразилияда өтеді. Екінші кезең 30 маусым мен 7 шілде аралығында Қазақстанда ұйымдастырылады. Үшінші кезеңнің қай елде өтетіні кейінірек белгілі болады.