Қазақстан Бразилияда өтіп жатқан бокстан Әлем кубогын жеңіспен бастады

Қазақстан Бразилияда өтіп жатқан бокстан Әлем кубогын жеңіспен бастады
Бокс

ҚБФ

Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында әуесқой бокстан World Boxing ұйымы ұйымдастырған Әлем кубогының алғашқы кезеңі басталды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Жарыстың алғашқы күні 55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық Нұрсұлтан Алтынбек рингке шықты. Оның қарсыласы — бразилиялық Михаэль Триндаде болды.

Үш раундқа созылған тартысты кездесудің қорытындысы бойынша Алтынбек төрешілер шешімімен (4:1) жеңіске жетіп, турнирдің ширек финалына жолдама алды. Келесі кезеңде ол француз боксшысы Билал Беналимен кездеседі.

Еске сала кетейік, World Boxing Әлем кубогының бірінші кезеңі Бразилияда 31 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді. Екінші кезең 30 маусым мен 7 шілде аралығында Қазақстанда ұйымдастырылады, ал финалдық кезең Үндістанда өтпек.