Черчесовқа Қазақстан құрамасынан кеткені үшін 1 миллион еуро төленді

Черчесовқа Қазақстан құрамасынан кеткені үшін 1 миллион еуро төленді
Футбол

ҚФФ

Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесовпен есеп айырысты, деп хабарлайды Bassport.kz Sportarena.kz сілтеме жасап.

“Бомбардир” арнасының мәліметінше, енді Қазақстан тарапы ресейлік маманға ешқандай қаржы қарыз емес. ҚФФ Черчесовпен арадағы келісімді толығымен орындаған.

Бұған дейін тараған ақпараттарға сәйкес, келісімшарт мерзімінен бұрын үзілген жағдайда Черчесовқа 1 миллион еуро көлемінде өтемақы төленуі тиіс болған.

Аталған сома бапкер мен федерация арасындағы ресми келісімде көрсетілген.