Freedom QJ League мерчінің бірегей концепциясын жаса да, 500 000 теңге ұтып ал!

Freedom QJ League мерчінің бірегей концепциясын жаса да, 500 000 теңге ұтып ал!
Футбол

QJ League

Үшінші маусымның басталуына орай Лига дизайнерлерге арналған байқау жариялайды.

Жүлделі орындарға ие болған авторлар үшін қомақты сыйақы қарастырылған. Байқауға қатысу үшін келесі қадамдарды орындау қажет:



1) Лиганың айдентикасына үйлесетін ерекше әрі есте қаларлықтай атрибутика концепциясын жасаңыз. Сіз кез келген мерч түрін таңдай аласыз – бұл свитшот, футбол жейдесі немесе басқа да аксессуар болуы мүмкін.



2) Нәтижені 31 наурызға дейін Instagram парақшаңызда жариялап, @qjleague аккаунтын белгілеңіз. Маңызды: сіздің аккаунтыңыз ашық болуы қажет!



3) Жарияланған посттың сілтемесін [email protected] электронды поштасына жіберіңіз. Хаттың ішінде толық аты-жөніңіз бен байланыс нөміріңізді көрсетіңіз.



Негізгі даталар:


7 сәуір – байқау қазылар алқасы финалистерді таңдайды.


11 сәуір – әлеуметтік желілерде дауыс беру басталады.


18 сәуір – байқау жеңімпаздары анықталады.



Бірінші орын иегері 500 мың теңге көлеміндегі ақшалай жүлдені жеңіп алады. Екінші және үшінші орындардың жүлде қоры сәйкесінше 300 мың және 200 мың теңгені құрайды.



Сонымен қатар, байқау жеңімпазы өз жұмысына негізделіп шығарылған мерчтің промо-ролигіне қатысу мүмкіндігіне ие болады.



Әрбір қатысушы бірнеше концепт ұсына алады. Жұмыстар толықтай түпнұсқа болуы тиіс және басқа дизайнерлердің авторлық құқықтарын бұзбауы қажет. Өзге авторлардың суреттері мен элементтерін пайдалануға болмайды, бірақ ашық қолданысқа арналған тегін ресурстардағы материалдарды пайдалануға рұқсат беріледі.



Айта кету керек, байқау жеңімпаздарымен олардың дизайндарын пайдалану құқығын беру жөнінде келісім жасалады. Лига жүлделі орын алған жұмыстарды әрі қарай қолдану құқығын өзінде сақтайды.